"Адал азамат - біртұтас тәрбие бағдарламасын" жүзеге асыру жоспары бойынша қазан "Тәуелсіздік және Отаншылдық" айының 1 - ші аптасында "Менің Отаным Қазақстан" тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізілді. Қ.Р әнұранын айтуымен басталды. Онда балаларды екі топқа бөліп, ат қойып жарыстырды, дұрыс тапқан топқа асықтар берілу арқылы бағаланды, сұрақтар қойып, жұмбақтар жасырылып, сурет бойынша мақал - мәтелдерді тауып, тақпақ айтып нәтижесінде мақтау қағаздарымен марапатталды.

Тәрбиеші: Г. Ашыкбаева.